Мектепте тағылымды шара өтіп, білім саласына саналы ғұмырын арнаған ардагер ұстаз Баубекова Қайдан Қанапия қызына арналған кабинет пайдалануға берілді.
Кабинет заманауи жиһаздармен және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып, білім алушыларға қолайлы жағдай жасалды.
Бұл игі бастама ардагер ұстаздың көп жылғы еңбегіне, кәсіби шеберлігіне және білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан үлесіне көрсетілген зор құрметтің белгісі болды.
Ұстаз есімі ұлықталып, еңбегі кейінгі ұрпаққа өнеге болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar-altynshoky/press/news/details/1281054?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау