Анықтаушыларға есепке алу-тіркеу талаптарын сақтау, сараптамаларды дұрыс тағайындау және процестік шешімдердің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Анықтау бөлімінде есепке алу-тіркеу тәртібін сақтау және анықтау жұмысының сапасын арттыруға арналған семинар сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды уақтылы қабылдау және тіркеу, материалдарды жан-жақты зерделеу, сондай-ақ процестік шешімдерді заң талаптарына сәйкес қабылдау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу талаптарын сақтау, анықтаушылардың кәсіби біліктілігін арттыру және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинарға Сот сараптамалары орталығының сарапшылары тартылып, материалдарды сапалы зерттеу, сараптамаларды дұрыс тағайындау және олардың қорытындыларын процестік шешімдер қабылдау кезінде тиімді пайдалану тәртібі түсіндірілді.
Жиын барысында есепке алу-тіркеу кезінде кездесетін кемшіліктердің алдын алу, әрбір материал бойынша заңдылық пен негізділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ анықтау қызметінің тиімділігін арттыру бағыттары талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша анықтау жұмыстарын жетілдіру, заң талаптарын қатаң сақтау және азаматтардың өтініштерін сапалы әрі уақтылы қарау жөнінде тиісті міндеттер айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1280831?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау