Ақмола облысының прокуратурасымен 3 млрд теңгелік инвестжобаның инфрақұрылымдық кедергісін шешу қамтамасыз етілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс прокуратурасы 3 млрд теңге көлеміндегі, 50 жұмыс орнын құруды көздейтін фиброцементтік панельдер өндіру кешенінің құрылысы бойынша «ANNC Construction» ЖШС инвестициялық жобасын сүйемелдеуде.

Сүйемелдеу барысында инфрақұрылымдық кедергі – өндірістік нысанның электрмен жабдықталмауы анықталды. Осыған байланысты инвестор автономды генераторды пайдалануға мәжбүр болған.

Облыс прокуратурасының бастамасымен электрмен жабдықтау бойынша 58 млн теңгелік жоба әзірленді. Мәслихат қажетті бюджет қаражатын бөлді.

Алдағы уақытта өндірістік нысанды электр желілеріне қосу көзделген.

Инвестициялық жоба мәселе толық шешілгенге дейін облыс прокуратурасының сүйемелдеуінде болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1280882?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version