🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 26 тамызда Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
🔹Семинардың спикері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы Қапышев Б. А.
🔹Іс-шара барысында қызметкерлерді Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулармен таныстырып, заңнаманың өзекті нормаларын түсіндірді және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
🔹Мұндай семинарларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызметтегі адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1280960?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау