Ақтауда кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласының аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайы мен тазалық талаптарының сақталуына байланысты мониторинг жүргізілді.

Бақылау жұмыстары барысында кәсіпкерлік нысандарының аумағының тазалық жағдайы және абаттандырылуы назарға алынды. Сонымен қатар нысан иелеріне қала аумағын таза ұстау, белгіленген талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ мониторинг барысында кәсіпкерлік субьектілер қоқыс шығарушы компаниямен міндетті келісімшарт жасау қажеттігі түсіндірілді.

– Тұрғын үй аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандар «Zero West Aktau» ЖШС-мен келісім шарт жасасып, қоқысты уақытылы шығаруы тиіс. Бүгінгі мониторинг барысында анықталған мәселелер бойынша кәсіпкерлерге ескертулер беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің инспекторы Дәурен Сұлтанғали.

Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарын қала тазалығын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және тазалық талаптарын орындауға шақырамыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1280930?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version