Ақтөбеде алғаш рет шаңғы роллерінен Азия кубогі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе қаласында алғаш рет шаңғы роллерінен «FIS Roller Ski Asian Cup» халықаралық жарысы өтті. Байрақты бәсеке 25-26 тамыз аралығында Қысқы спорт түрлерінен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің базасында ұйымдастырылды.

Халықаралық додаға Қазақстан, Таиланд және Моңғолия елдерінен 131 спортшы қатысты. Оның ішінде Қазақстаннан – 120, Таиландтан – 8, Моңғолиядан – 3 спортшы бақ сынады.

Екі күнге созылған жарыс барысында спортшылар шаңғы роллерінен түрлі қашықтықта өзара мықтыны анықтады. Ақтөбеде алғаш рет өткен халықаралық деңгейдегі бұл бәсеке өңірде қысқы спорт түрлерін дамытуға және жас спортшылардың шеберлігін арттыруға мүмкіндік берді.

Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында 15 шақырым қашықтықта Қазақстан спортшылары үздік нәтиже көрсетті.

I орын – Амиргали Муратбеков, Қазақстан;

II орын – Дастан Калибеков, Қазақстан;

III орын – Дидар Касенов, Қазақстан.

Әйелдер арасында 10 шақырымдық қашықтықта да жүлделі орындардың барлығын қазақстандық спортшылар иеленді.

I орын – Анна Мельник, Қазақстан;

II орын – Елизавета Толмачева, Қазақстан;

III орын – Дарья Ковалева, Қазақстан.

«FIS Roller Ski Asian Cup» – спортшылардың халықаралық аренадағы тәжірибесін арттырып, шаңғы спортын ел өңірлерінде кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды жарыстардың бірі. Ақтөбеде мұндай халықаралық доданың өтуі облыстың спорттық әлеуетін танытып, өңірде қысқы спорт түрлерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1280757?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version