АСТАНАДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін дамытудың негізгі басымдықтарын атап өтті.

Олар: білім сапасын арттыру, педагог мәртебесін нығайту, педагог кадрларды даярлауды жетілдіру, өңірлер арасындағы алшақтықты қысқарту, ауыл мектептерін дамыту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне жауапкершілікпен әрі тиімді енгізу. Мемлекет басшысы адами капиталды дамытуды елдің ұзақ мерзімді ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде атап өтті.

Сонымен қатар, Президент ұстаздардың жас ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, саналы, озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеу арқылы бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға зор үлес қосып келе жатқандығын ерекше атап өтті.

Оқу-ағарту министрі Ж.Д. Сүлейменова Мемлекет басшысының тұрақты қолдауы мен айрықша назар аударуының арқасында білім беру саласында стратегиялық міндеттерді іске асыру бағытында оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. Білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, әрбір балаға тең мүмкіндік жасау және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Алдағы кезеңде Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді, оның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, педагогтер мен білім алушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыру және адами капиталды одан әрі дамыту бағыттарын жүйелі түрде іске асыру жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1280809?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version