Астанада есірткі граффитиіне жол жоқ: полиция мен жастар бірлескен рейдтер өткізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада есірткі граффитиіне жол жоқ: полиция мен жастар бірлескен рейдтер өткізуде

Астанада есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және есірткі заттарының таралуына жол бермеу бағытында кешенді жұмыстар жалғасуда.
Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – есірткі заттарының жарнамасы бар граффитилерді анықтап, жоюға бағытталған профилактикалық рейдтер. Полиция қызметкерлері волонтерлермен және белсенді жастармен бірлесіп, қала көшелерін тұрақты түрде аралап, тыйым салынған заттардың жарнамасы бар жазбаларды анықтап, оларды өшіру жұмыстарын ұйымдастырады.
Осындай рейдтер барысында елордада 200-ден астам есірткі граффитиі жойылды.
Профилактикалық жұмыстар тек рейдтермен шектелмейді. Жыл басынан бері елордада есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға және жастар арасында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған 400-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Олардың қатарында спорттық жарыстар, зияткерлік ойындар, жастармен кездесулер, ақпараттық акциялар, дәрістер және басқа да іс-шаралар бар.
Полиция жастардың пайдалы әрі белсенді уақыт өткізуіне жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Спорт, білім, шығармашылық және қоғамдық бастамаларға қатысу салауатты ортаны қалыптастыруға ықпал етіп, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алудың маңызды бөлігі болып табылады.
Полиция департаменті елорда тұрғындарын бейжай қалмай, тыйым салынған заттарды тарату және жарнамалау фактілері туралы хабарлауға шақырады.
Есте ұстаған жөн: есірткі құралдары мен өзге де тыйым салынған заттардың жарнамасын орналастыру және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1281224?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version