«Ауыл көркі – тазалық, тазалық – мәдениеттің айнасы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыл көркі – тазалық айнасы.
 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақшоқы ауылдық округінде туған жердің көркін арттыруға бағытталған игі жұмыстар жалғасын табуда. «Ауыл көркі – тазалық, тазалық – мәдениеттің айнасы» дегендей, ауылымыздың ажары күн санап жақсарып келеді. Ауыл тұрғындары өз үйлерінің шатырларын жаңартып, үй қоршауларын сырлап, аулаларын ретке келтіріп, елді мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.  Бұл – жай ғана сыртқы көріністі жаңарту емес, туған жерге деген құрметтің, елге деген жанашырлықтың және ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Әрбір таза аула, жаңарған қоршау, көріктенген үй ауылымыздың жалпы келбетіне көрік қосады. Бүгінгі жасалған игі іс – ертеңгі ұрпаққа қалдырар жақсы өнегенің бастауы. Ауылымыздың тазалығы мен көркеюі барша тұрғынның ортақ еңбегімен жүзеге асатыны сөзсіз.
 Туған жерді таза ұстау – әр азаматтың парызы. Ауылымыз ажарланып, Ақшоқы көркейе берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1280919?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version