Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға бөлім басшылары, коммуналдық қызметтердің өкілдері, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар тұрғын үй мәселесі, жол инфрақұрылымы, сумен жабдықтау, аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру бойынша өз өтініштерін жеткізді.
Әрбір тұрғынның өтініші бойынша жан-жақты түсініктемелер беріліп, қала әкімі жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді мұқият қарап, оларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1281433?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау