2026 жылғы 27 тамызда Департамент басшысының орынбасары Сартымбетова Л.Е. және №1 зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Меллешов А.С. Астана қаласы Коммуникациялар қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде өткен онлайн-баспасөз конференциясына қатысты.
Баспасөз конференциясының тақырыбы — «Азаматтың бірыңғай маршруты: мүгедектік саласындағы қызметтерді көрсету жүйесі қалай өзгеруде».
Баспасөз конференциясы барысында мүгедектік саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесіндегі негізгі өзгерістер — мүгедектікті белгілеу қажеттілігі туындаған сәттен бастап азаматтың тиісті әлеуметтік қолдау шараларын алуына дейінгі кезеңдер бойынша түсіндірілді.
Азаматтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдетуге және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «азаматтың бірыңғай маршруты» қағидатына ерекше назар аударылды.
Жаңартылған жүйенің орталығында жекелеген ведомство немесе мемлекеттік қызмет емес, адамның өзі, оның жеке қажеттіліктері мен өмірлік жағдайы тұрғаны атап өтілді. Осылайша, жүйе жекелеген, бір-бірінен бөлек көрсетілетін қызметтерден азаматты кешенді сүйемелдеуге және қолдауға біртіндеп көшуде.
Іс-шара барысында өзекті статистикалық деректер, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту туралы ақпарат ұсынылды.
Онлайн-баспасөз конференциясының соңында Сартымбетова Л.Е. және Меллешов А.С. бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, азаматтардан келіп түсетін өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер берді.
Баспасөз конференциясының трансляциясы Астана қаласы Коммуникациялар қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жүргізілді.
https://www.facebook.com/rsk.astana01?utm_source=ig&utm_medium=social&utm_content=link_in_bio
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1281316?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау