Барлығы өзімізден басталады: Жетісу полициясы тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының Полиция департаменті тұрғындарды туған өлкеміздің тазалығына ұқыпты қарауға және қоғамдық орындардағы тәртіп үшін әр адамның жеке жауапкершілігі бар екенін ұмытпауға шақырады.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын түрлі құқық бұзушылықтарды, оның ішінде қоғамдық орындарды ластау деректерін тіркейді. Қоқысты жәшікке жеткізбей тастау немесе темекі тұқылын көшеде қалдыру ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Алайда дәл осындай әрекеттерден қоғамдағы жалпы тәртіп пен мәдениет қалыптасады.

Бұл ретте ересектердің жеке үлгісі ерекше маңызды. Бала ең алдымен айналасынан көргенін қайталайды. Тазалықты сақтау, өзгелерді құрметтеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарау — өскелең ұрпаққа сөзбен ғана емес, іс-әрекетімізбен көрсетуіміз қажет қарапайым қағидалар.

«Таза Қазақстан» республикалық бастамасы — тек абаттандыру және тазалық жұмыстарымен шектелмейді. Бұл — әр азаматтың күнделікті жауапкершілігі. Қоқысты арнайы жәшікке тастау, көшелер мен аулаларды ластамау, белгіленген ережелерді сақтау және қоғамдық кеңістікке ұқыпты қарау — әрқайсымыздың қолымыздан келетін іс.

Жетісу полициясы еске салады: тазалық пен тәртіп қарапайым әрекеттерден басталады. Бүгін қандай ортада өмір сүретініміз және келер ұрпаққа қандай мекен қалдыратынымыз әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты.

Барлығы өзімізден басталады. Тазалық — әрқайсымыздан, тәртіп — жеке үлгіден басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1281385?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version