🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 25 тамызда «Бір ауыл – бір өнім» (БАБӨ) жобасын ұйымдастырған Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында Бренд-комитетінің отырысы өтті.
1 тамызда өткен өңірлік көрменің қорытындысы бойынша Бренд-комитетінің қарауына жергілікті өндірушілердің 20 өнімі ұсынылды.
🔹 Отырыс барысында ең көп ұпай жинаған және жобаның финалистері атанатын 10 өнімді анықтау бойынша дауыс беру өткізілді.
🔹 Бренд-комитетінің жұмысына Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің басшысы Динара Хусаинова қатысты.
Зияткерлік меншік саласы өкілдерінің осындай іс-шараларға қатысуы кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ жергілікті брендтерді, тауарлар мен өнімдерді ілгерілетуге, олардың одан әрі дамуына және жаңа нарықтарға шығу әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Жобаның барлық финалистеріне сәттілік және даму жолында жаңа мүмкіндіктер тілейміз!
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1280946?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау