Маңғыстау ауданында 2026 жылғы 25-27 тамыз аралығында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полиция қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз» ақпараттық акциясы өткізілуде.
Акция барысында полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған жағдайда көмек алу жолдары түсіндіріліп, азаматтарға «111» бірыңғай сенім телефоны туралы ақпарат берілуде. Қажет болған жағдайда аталған қызметке электронды QR-код арқылы жүгіну мүмкіндігі де көрсетілуде.
Акцияның басты мақсаты — халық пен полиция арасындағы өзара байланысты нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тұрғындарға қажетті ақпарат пен көмекті уақтылы жеткізу.
Профилактикалық іс-шара барысында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауап алып, құқықтық мәселелер бойынша қажетті кеңестерге ие болуда.
Полиция — халықпен бірге! Сұрағыңыз болса, бізден сұраңыз!
https://www.instagram.com/reel/DchBC5GuSwk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1281204?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау