Кеңес барысында қатысушылар Ресей Федерациясының аумағында жергілікті өндірушілердің өнімдерін жылжыту және сату, қазақстандық бизнестің Ресей нарығына шығу мүмкіндіктері, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективалары мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірдің кәсіпкерлері мен “Қазақстан”Сауда үйі арасындағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын одан әрі тікелей өзара іс-қимыл және пысықтау туралы уағдаласты.
Мұндай кездесулер іскерлік байланыстарды дамытуға, Павлодар бизнесінің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге және өңірдің өнімдерін шетелдік нарықтарда ілгерілетуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-upt/press/news/details/1281476?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау