ДЕПАРТАМЕНТ: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, олардың еңбек саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2026 жылдың 26 тамыз күні Департаменттің ұйымдастыруымен азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
 
Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен өткізілген қабылдау барысында әрбір азаматтың мәселесіне жеке назар аударылып, қолданыстағы еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірмелер берілді. Нәтижесінде ұжымдық арыз жазылып, өндіріске орындауға қабылданды.
 
Департамент азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және халыққа құқықтық көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
 
Еңбек құқығыңызды біліңіз! Заң талаптарын сақтаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1280786?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version