Департамент басшысы Т.Т. Ерманов әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты облыстық комиссияның отырысында сөз сөйледі
2026 жылғы 26 тамызда Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.К. Тасжүрековтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында Қостанай облысының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Т.Т. Ерманов Қостанай қаласының кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешек, облыс кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттанудың жай-күйі, сондай-ақ Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде анықталған сәйкессіздіктер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Өз сөзінде Т.Т. Ерманов комиссия қатысушыларын ағымдағы жағдаймен, қабылданып жатқан шаралармен және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Отырыс қорытындысы бойынша жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1280834?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау