Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары «China Gezhouba Group» АҚ өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 25 тамызында Экологиялық реттеу және бақылау комитеті «Қаныш Сәтпаев каналынан Астана қаласына дейін №4 сорғы және сүзгілеу станциясын салу арқылы су құбырын тарту» жобасын іске асыру мәселесі бойынша China Gezhouba Group АҚ өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Жұмыс кездесуіне Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Мұратұлы Бекмұхаметов, экологиялық сараптама басқармасы басшысы  Жибек Шугаевна Койбагарова және China Gezhouba Group АҚ атқарушы директор Чжан Цинь және қауіпсіздік жөніндегі директор Ян Гуанмин қатысты.

Кездесу барысында Әлібек Бекмұхаметов жобаның барлық кезеңдерінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Жер және су ресурстарын қорғауға, қалдықтарды басқаруға және қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, тараптар жоспарланған құбырдың бағытын, елді мекендерді және жобаға әсер ететін басқа да нысандарды, сондай-ақ тиісті рұқсаттарды уақтылы алу қажеттілігін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жобаны Қазақстан Республикасының экологиялық және басқа да заңнамалық талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асыру қажеттілігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/1281210?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version