Шымкент қаласында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында болған қайғылы оқиғаға бес жыл толуына орай қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті.
Бес жыл бұрын орын алған жойқын жарылыс кезінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты.
Қаза болғандардың есімдерін мәңгі есте сақтау, олардың ерлігі мен батырлығын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бір минут үнсіздік жариялап, қаза тапқандардың рухына тағзым етті.
Ерлік ұмытылмайды. Қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан азаматтардың есімдері мен жасаған ерліктері ел жадында мәңгі сақталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1280997?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау