5 жыл бұрын Жамбыл облысы Байзақ ауданы маңындағы әскери бөлімде болған қайғылы жарылыс салдарынан жас қызметкер Кеңес Әліби Бексұлтанұлы да ерлікпен қаза тапты. Жиырма бір жасында қыршыннан қиылған Әлібидің қызмет жолын бастағанына небәрі бес ай болған еді.Қысқа уақыт ішінде ол жауапкершілігі мен еңбекқорлығы және өз ісіне адалдығымен әріптестерінің құрметіне бөленді.Жас ғұмыры ерте тоқтағанымен, оның ел алдындағы қызметі мен азаматтық ерлігі ұмытылмайды. Әлібидің есімі – ел жадында, ерлігі – кейінгі ұрпаққа өнеге. Батырдың аты өлмейді…@112jambyl
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау