Ертістегі жарты ғасырлық станцияның орнына заманауи нысан ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов «Самал» саябағында жаңа құтқару станциясын ашып, құтқару техникасының кілттерін табыстады. Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Құтқарушылардың жұмысы суда тұрақты кезекшіліктің маңыздылығын көрсетіп отыр. Шомылу маусымы басталғалы бері осы учаскеде бес адам құтқарылды.

  Бұған дейін мұнда шамамен 1970 жылдары салынған құтқару станциясы орналасқан. Бірнеше онжылдық пайдаланудан кейін нысанды тәулік бойы қызмет атқаруға қажетті толық жағдай жасалған заманауи станцияға ауыстыру қажеттілігі туындады. Жаңа модульдік станция Ертіс өзенін тұрақты бақылауға және судағы оқиғалар кезінде көмек көрсетуге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

  Ғимаратта бақылау пункті, жеке құрамға арналған жұмыс және тұрмыстық бөлмелер жабдықталған. Станция жүзу құралдарымен, байланыс құралдарымен, құтқару және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Салтанатты шара барысында Шыңғыс Әрінов бөлімшеге станцияның символикалық кілтін және жаңа техниканың кілттерін табыстады. Гарнизон жоғары өтімді өрт сөндіру техникасы мен жедел-құтқару көліктерін алды.

  Станцияның демалыс орындарының бірі көп баратын аумақта орналасуы құтқарушыларға су айдынындағы жағдайды бақылауға, профилактикалық жұмыстар жүргізуге және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыруға қосқан үлесі үшін жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен құтқару бөлімшелерінің өкілдері ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1281003?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version