КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘРДЕМАҚЫ ТУРАЛЫ
Көпбалалы отбасы деп кімдерді айтамыз? Қандай жағдайда жәрдемақы тағайындалады және оның мөлшері қалай есептеледі?
Көпбалалы отбасы – бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасы.
18 жасқа толған балалары күндізгі оқу нысанында білім алатын болса, оқу орнын аяқтағанға дейін, бірақ 23 жасқа толғанға дейін отбасы құрамында есепке алынады.
Жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады. Яғни ата-анасының жұмыс істеуі немесе отбасының табыс мөлшері жәрдемақы алуға кедергі болмайды.
Жәрдемақы мөлшері отбасындағы бала санына қарай белгіленеді. Балалар саны артқан сайын жәрдемақы мөлшері де көбейеді.
Жәрдемақы республикалық бюджет қаражаты есебінен ай сайын төленеді.
Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдарға жүгініңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1281286?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау