2026 жылғы 26 тамызда Атырау облысында көші-қон үдерістері мен ақпараттық қызметтер мәселелеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары М. Музатова және Департамент қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында өңірдегі көші-қон үдерістерінің өзекті мәселелері, еңбек ұтқырлығы, мигранттар үшін ақпараттық қызметтердің қолжетімділігі, сондай-ақ көші-қон деректерін пайдалану мәселелері қаралды.
Мигранттарды олардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы шынайы әрі қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз етуде цифрлық ресурстар мен онлайн-сервистердің рөліне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) көші-қон үдерістері туралы өзекті ақпаратты жинауға және талдауға бағытталған «Ұтқырлықты қадағалау матрицасы» (Mobility Tracking Matrix) бастамасы аясындағы жұмыстың нәтижелері таныстырылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ көші-қон саласындағы ақпараттық қолдаудың сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1281104?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау