КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ
Жетісай ауданында тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, оларды шешу жолдарын нақтылау мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың кезекті қабылдауы өтті.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық мәслихат төрағасы, құзырлы орган өкілдері мен бөлім басшылары қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген тұрғын үйлерді құжаттандыру, көшелерді асфальттау, елді мекендерді жарықтандыру және газдандыру, жұмысқа орналасу мәселелерін талқылады. Әрбір өтініш мұқият қаралып, мәселені шешудің жолдары айқындалды.
Аудан әкімі тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныстары назардан тыс қалмайтынын айтып, жауапты мамандарға мәселелерді заң талаптары аясында жан-жақты зерделеуді, орындалуын бақылауға алып, нәтижелі жұмыс жүргізуді тапсырды.
«Халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың мәселесін уақытылы тыңдап, нақты шешім қабылдау – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Сондықтан, әрбір өтініш пен арыз-шағым аяқсыз қалмауы керек. Билік пен бұқараны нәтижелі жұмыс байланыстыратынын естен шығармағанымыз абзал» деді Серік Үсенұлы жиын соңында.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1281160?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version