Мемлекет басшысы балалар мен жастар туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясында жастар мен балаларға, олардың тәрбиесіне, қауіпсіздігі мен болашағына қатысты айтқан негізгі сөздері мен цитаталары:
Психологиялық амандық және цифрлық әлемнің қауіптері туралы:

«Әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект және агрессивті маркетинг балалардың дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді. Психологиялық әл-ауқат, эмоционалдық тұрақтылық, өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесі қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздік пен елдің тұрақты дамуының маңызды факторына айналды».

Балаларды интернет пен әлеуметтік желілерден қорғау туралы:

«2018 жылы қабылданған «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Заң қазіргі шынайы өмірде қайта қарауды және маңызды өзгерістер енгізуді талап етеді. Үкімет 16 жасқа толмаған пайдаланушыларға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірледі (маусым айында Парламентке енгізілді). Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарауды ұсынамын… Сондықтан балалардың психологиялық жағдайына төнетін қауіптердің салдарымен күресуден оларды алдын ала болдырмауға көшетін кез келді, әйтпесе бұл қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсерін тигізуі мүмкін».

Контентті фильтрациялау және міндетті балалар SIM-карталары туралы:

«Үкімет балаларды қорғау мақсатында мазмұнға (контентке) фильтрация жасау шараларын қабылдауы тиіс. Бірқатар белгілі және жеткілікті түрде объективті себептерге байланысты тек ата-аналардың жауапкершілігіне ғана сенім арта алмаймыз. Сондықтан ақпараттық иммунитетті қамтамасыз ете алатын міндетті балалар SIM-карталарын енгізуді масштабтауды тапсырамын».

Жаңа этика және мектеп тәрбиесі туралы:

«Қоғамда заң мен тәртіпке, тазалыққа, сондай-ақ өзара сыйластыққа негізделген жаңа этиканы қалыптастыру ісі мектеп қабырғасынан басталуы тиіс».

Жастардың көзқарасы мен оптимизм туралы:

«Мен бәрімізге мәңгілік мұңлы ұлт кейпінен бас тарту керектігін бірнеше рет айттым… Қайғы – біздің жастарымызға жақсы жолдас емес. Біздің жастарымыз өз халқының тарихын дұрыс түсініп, болашаққа үмітпен және сеніммен қарауы тиіс. Біздің жас отандастарымыз оптимист болуы тиіс және «шешілмейтін міндет жоқ, кез келген қиындықты жеңуге болады» деген сеніммен өсуі керек».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1280723?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version