Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауға алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ТЖМ Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары 2026 жылға бекітілген жоспарлы тексерулер тізбесіне сәйкес, 24–26 тамыз аралығында ванадий өндірумен айналысатын кәсіпорында бақылау іс-шарасын өткізді. Тексеру барысында кәсіпорын аумағындағы карьер, ұсақтау қондырғысы, жүк көтергіш механизмдер, зертхана және өзге де қауіпті өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі зерделенді. Іс-шара барысында анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпорын басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлеріне толық түсініктеме беріліп, оларды белгіленген тәртіппен жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар заңнамада көзделген жағдайларда осы бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту тәртібі түсіндірілді. Бұдан бөлек, инспекторлар кәсіпорын ұжымына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басты мақсат — өндірістік нысандарда қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету, авариялық жағдайлардың алдын алу және жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1281076?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version