Қаныш Сәтбаев атындағы каналда 19 сорғы агрегаты мен 17 трансформаторды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Қаныш Сәтбаев атындағы каналды жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатыр. 2028 жылға дейін нысанда 19 сорғы агрегаты мен 17 трансформаторды ауыстыру жоспарланған.

Қазіргі уақытта 5 сорғы агрегатын ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын. Тағы 5 жабдықты реконструкциялау жұмыстары басталды.

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту аясында трансформаторларды ауыстыру жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінде жоспарланған 17 трансформатордың барлығы сатып алынды. Оның 4-еуі орнатылды.

Қаныш Сәтбаев атындағы канал Қарағанды және Павлодар облыстарын, сондай-ақ Астана қаласын өнеркәсіптік және ауыз сумен қамтамасыз етеді. Канал суы өнеркәсіп, энергетика және ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдаланылады. Нысанның жалпы ұзындығы – 458 шақырым.

«Барлық жұмыс бекітілген кесте мен нысанды жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың жұмыс сенімділігі мен тиімділігін арттыруға, тұтынушыларға судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдалану тәуекелдері мен гидротехникалық құрылыстарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1280729?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version