Салалық форум аясында ҚР Энергетика министрлігінің, мұнай-газ компанияларының, ғылыми ұйымдардың өкілдері мен халықаралық сарапшылар мұнай алу коэффициентін (МАК) арттыру және өндірілуі қиын әрі қалдық мұнай қорларын игеруге тарту мәселелерін талқылады.
Форум барысында Қазақстандағы кен орындарының едәуір бөлігі игерудің жетілген кезеңінде тұрғаны атап өтілді. Бұл ретте ұңғымалар дебитінің төмендеуі мен сулану деңгейінің артуы олардың әлеуеті сарқылды дегенді білдірмейді. Мұнай бергіштігін арттырудың заманауи технологиялары игеру тиімділігін жоғарылатып, қосымша елеулі көлемде мұнай өндіруге мүмкіндік береді.
Форумда ұсынылған деректерге сәйкес, МАК-ты небәрі 1 пайыздық тармаққа арттырудың өзі қосымша шамамен 33 млн тонна мұнай өндіруге мүмкіндік беруі ықтимал.
Іс-шараға 23 елден 500-ден астам маман қатысты. Қатысушылар жылулық және химиялық әдістерді, полимерлік суландыруды, су ағынын шектеуді, цифрлық модельдеуді, үлкен деректер мен жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.
Технологияларды талқылаудан оларды нақты кен орындарында іс жүзінде қолдануға көшуге ерекше назар аударылды. Форум қорытындысы бойынша технологияларды таңдау, зерттеулер жүргізу және оларды кейіннен өнеркәсіптік деңгейде енгізу жөніндегі практикалық шешімдер әзірленеді деп күтілуде.
Биыл Көмірсутек кен орындарын игеру және пайдалану жөніндегі орталық комиссияның құрылғанына 30 жыл толып отыр. Мерейтой комиссия жұмысының қорытындысын шығарып қана қоймай, Қазақстанның ресурстық әлеуетін неғұрлым толық әрі ұтымды пайдалануға бағытталған алдағы жылдардағы даму басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1281088?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау