Қостанай облысының прокуратурасы өндірістік жарақаттанудың есепке алынбаған 26 жағдайын анықтады  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысының прокуроры Марат Сексембаевтың төрағалығымен 2024–2025 жылдар және 2026 жылдың өткен кезеңі бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың сақталу мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Өндірістік жарақаттанудың жалпы деңгейі төмендегеніне қарамастан, оны есепке алу, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің сапасы және олардың алдын алу мәселелерінде проблемалар сақталуда.

Өндірістік жарақаттанудың есепке алынбаған 26 жағдайы анықталды, оның салдарынан 16 қызметкер қаза тапқан. Медициналық ұйымдардың 22 хабарламасы бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілмеген. Оларды жүргізу тәртібінің бұзылуына байланысты 8 тергеп-тексеру бойынша қабылданған шешімдер сот тәртібімен жойылды.

Облыс прокуроры жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібін жетілдіру, олардың себептерін анықтау сапасын арттыру, ақпаратты есепке алу және алмасудың цифрлық тетіктерін ескере отырып, ескірген нысандар мен құжаттарды өзектендіру қажеттігін атап өтті.

Профилактикалық жұмыста да кемшіліктер анықталды: ауыр және өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар орын алған 9 кәсіпорын тиісті профилактикалық іс-шаралармен қамтылмаған. Осыған байланысты полицияның және Еңбек инспекциясы департаментінің ақпараттық базаларын ықпалдастыру мәселесін пысықтап, мәліметтердің тұрақты түрде салыстырылып отыруын қамтамасыз ету ұсынылды.

Сонымен қатар, азаматтардың еңбек құқықтарына қатысты 1,5 мыңнан астам өтініші толық көлемде қаралмаған.

Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы прокурорлық ден қою шараларын қабылдады.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Қостанай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1280999?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version