«Құқықтық дәріхана» акциясы өтті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

27.08.2026 жылы Талдықорған қаласының Орталық Арбатында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беруге бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті.
Іс-шараға Жетісу облысының Әділет департаменті, Жетісу облысы әкімінің орынбасары, облыс прокуроры, полиция департаментінің, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары, сондай-ақ нотариаттық палатаның, адвокаттар алқасының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының және Заң консультанттары палатасының өкілдері қатысты.
Жергілікті тұрғындарға өздерін толғандырған өзекті құқықтық мәселелер бойынша мамандар мен сарапшылар тарапынан кеңестер мен түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1281249?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version