Павлодар облысының аумағында жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және борышкерлерді жауапкершілікке тарту мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Мәселен, облыс орталығында КамАЗ және Range Rover маркалы автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Олардың иелеріне қатысты қамаулар мен түрлі берешектер бар. КамАЗ иесінің жалпы берешегі 2 млрд теңгеден астам, ал Range Rover иесінің берешегі 935 мың теңгеден асады.
– Көлік құралдары арнайы тұраққа орналастырылды. Иелері барлық берешектерін өтегеннен кейін ғана автокөліктерін қайтара алады, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Тимур Хисматуллин.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы тәртібін қатаң сақтауға және мүлікті мәжбүрлеп өндіріп алуға жол бермеу үшін азаматтарға берешектерін уақтылы өтеуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1281415?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау