Семей қаласының Ұшақтар кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының Ұшақтар кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев қатысты.

2025 жылдың қазан айында құрылысы басталған нысан 2026 жылдың тамыз айында толық аяқталып, бүгін ел игілігіне пайдалануға берілді.

Бұл игі бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Абайға құрмет» акциясы аясында қолға алынған. Өткен жылы ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы ел көлемінде кеңінен аталып өтті. Осы айтулы датаға орай ұлы ақынның туған жеріне деген құрметтің белгісі ретінде Батыс Қазақстан облысының атынан Семей қаласының Ұшақтар кентінде заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтерді.

Жалпы аумағы 1773 шаршы метрді құрайтын нысан заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Кешен бір мезгілде 115 адамды қабылдай алады. Бұл нысан кент тұрғындарына спортпен тұрақты айналысуға мүмкіндік беріп, бұқаралық спортты дамытуға, әсіресе балалар мен жасөспірімдерді спортқа кеңінен тартуға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге үлкен серпін береді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлының атынан Абай еліне және облыс әкімі Берік Уәлиұлына ыстық сәлем, ақжарма тілек пен шынайы ықылас жеткізілді.

Бүгінгі тарту – жай ғана спорт нысаны емес. Бұл – Абай еліне деген құрметтің, екі облыс арасындағы достық пен бауырластықтың, халыққа деген жанашырлықтың және болашақ ұрпаққа деген сенімнің жарқын көрінісі.

Абайдың туған өлкесі – күллі қазақ жұрты үшін қастерлі мекен. Ал Батыс Қазақстан – ел тарихында өзіндік орны бар, талай дара тұлғаларды дүниеге әкелген қасиетті өлке.

Біздің басты міндетіміз – спорт нысандарын салумен ғана шектелмей, олардың халыққа барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа кешен тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, балалар мен жасөспірімдерді спортқа тартуға және бұқаралық спортты дамытуға зор үлес қосады деп сенеміз.

Екі облыс арасындағы достық пен ынтымақтастық нығая берсін! Ағайын арасындағы береке-бірлік артып, осындай игі бастамалар жалғасын таба берсін!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1280936?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version