ШҚО-да жаңа оқу жылына дайындық аяқталуға жақын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында 2026–2027 оқу жылына әзірлік жоспарға сай жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының мамандары мәлімдеді.

Биыл өңірде 9 728-і бала бірінші сыныпқа барады.Жаңа оқу жылында үш білім ошағы пайдалануға беріледі. Олар Самар ауылында, Марқакөл ауданының Қайнарлы ауылында және Риддер қаласындағы мектеп. Өңірде апатты және үш ауысымды білім мекемелері жоқ.

Әлеуметтік қолдау шаралары аясында 47 мыңнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылады. Тағы 20 мыңына мектеп формасы мен аяқ киім сатып алуға көмек көрсетіледі.

Өңірдегі 347 білім ошағының барлығы интернетке қосылған. IT-сыныптарда балалар бағдарламалау, робототехника, 3D-модельдеу және жасанды интеллект негіздерін меңгереді.

Қауіпсіздікке де басымдық берілген. Нысандар бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Бірқатар ғимаратта турникеттер мен дабыл түймелері орнатылып, мамандандырылған күзет қарастырылған.

Бұдан бөлек, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы орта қалыптастыру жалғасуда. Инфрақұрылымды жаңарту мен жылыту маусымына әзірлік те тұрақты бақылауда.

Аймақта жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердегі өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары мәлімдеді.

Өңірде барлығы 671 білім беру нысаны есепке алынған. Профилактикалық бақылау барысында оның 362-сі тексеріліп, 2 392 заңбұзушылық анықталды.

Мамандардың айтуынша, негізгі кемшіліктер автоматты өрт дабылы жүйелерінің ақауына, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жеткіліксіздігіне және су көздерінің жарамсыздығына қатысты. Бұдан бөлек, бірқатар ғимаратта эвакуациялық жолдардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні белгілі болды.

Тексеру қорытындысы бойынша мекеме басшыларына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама берілді. 286 нысанға қатысты жедел ден қою шаралары қабылданды. Талаптарды орындамағаны үшін 29 әкімшілік іс сотқа жолданды.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1281485?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version