Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында қатты пайдалы қазбаларды және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру саласында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижесінде 1 жүйелік кемшілік және 2 рәсімдік бұзушылық анықталған.
Атап айтқанда, жер қойнауын пайдалану құқығы берілгеннен кейін қажетті жер учаскелерін рәсімдеу мерзімдеріне қатысты заңнамада нақты шекті мерзімнің белгіленбегені анықталды.
Сонымен қатар, екі жер қойнауын пайдаланушының 2025 жылға арналған жылдық есептілікті белгіленген мерзімде ұсынбағаны белгілі болды. Осыған байланысты тиісті мониторингтің жеткіліксіз жүргізілгені және заңнамада көзделген ден қою шараларының уақтылы қабылданбағаны атап өтілді.
Отырыста облыстық мәслихат депутаттары Жетісу облысында 139 жер қойнауын пайдаланушы бар екенін атап өтті.
Осы бағыттағы жұмыс көлемінің жоғары болуына байланысты тиісті бөлімнің штат санын ұлғайту мәселесін жоғары тұрған органдардың қарауына ұсыну қажеттігі көтерілді.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1280971?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау