TikTok және Instagram әлеуметтік желілерінде қоғамдық әдеп нормаларын өрескел бұзатын бейнежазба анықталды.
Тексеру барысында бейнероликтің авторы Ақтөбе қаласының 27 жастағы тұрғыны Қолдас Қойшыгараев екені анықталды.
Құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды.
Полиция әлеуметтік желілердің көпшілікке қолжетімді жария кеңістік екенін еске салады. Сондықтан әлеуметтік желілердегі пайдаланушылардың әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары толық көлемде қолданылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1280820?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау