Төлеби ауданындағы «Төлеби су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жаңа басшы тағайындалды.
Кәсіпорынның жаңа директорын ұжымға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков таныстырды. Конкурс нәтижесі бойынша аталған қызметке Диллакарим Мергенбаевич Қадырбаев тағайындалды.
Кездесу барысында Асхат Раимбеков кәсіпорынның аудан үшін маңызы зор міндеттер атқаратынын атап өтіп, жаңа басшыға қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ жұмысқа жауапкершілікпен қарап, ұжыммен бірлесе отырып, нәтижелі еңбек етудің маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде Диллакарим Қадырбаев кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және алдағы міндеттерді сапалы орындауға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
Диллакарим Мергенбаевич Қадырбаев 1977 жылғы 15 желтоқсанда Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Бірінші Мамыр орта мектебін тәмамдаған. 2020 жылы «Фемида» қаржы-құқықтық колледжін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша, ал 2026 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетін «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы «Су жүйесі» МКК-да су бақылаушысы қызметінен бастаған. 2026 жылы «Төлеби су шаруашылығы» МКК-да бас инженер қызметіне тағайындалған.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау