Маңғыстау облысының Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында тұрғындармен ашық әрі түсінікті форматта профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындарға кофе ұсынып, жылы лебіздерімен бірге заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу және қауіпсіздік ережелерін ұстанудың маңыздылығын түсіндірді.
Кофе стақандарына «Заң мен Тәртіп» деген арнайы жапсырмалар орналастырылды. Бұл қарапайым әрі бейресми формат тұрғындардың назарын маңызды мәселеге аударып, заң мен тәртіп қағидаттарының күнделікті өмірдегі маңызын тағы бір мәрте еске салуға мүмкіндік берді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты — құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың заңға деген құрметін қалыптастыру және қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті нығайту.
Заң мен Тәртіп — баршамызға ортақ міндет!
https://www.instagram.com/reel/DcgnRCmMsjk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1281196?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау