«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» QUIZ САЙЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен құқықтық мәдениетті арттыру және «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында «Заң мен тәртіп» атты интеллектуалдық-танымдық QUIZ сайысы өтті.
Интеллектуалдық сайысқа Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлерінен құралған «Әділет» командасы, сондай-ақ нотариустардың өкілдері қатысып, құқық, заңнама, тарих және жалпы білім бағыттары бойынша өз білімдерін сынады.
Сайыс барысында командалар тапқырлық, жылдам ойлау және ұйымшылдық танытып, қызықты әрі тартысты кезеңдерде бақ сынады.
Атырау облысы Әділет департаментінің «Әділет» командасы сайысқа белсенді қатысып, жоғары белсенділік пен ұйымшылдық танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттырып қана қоймай, мемлекеттік қызметшілер мен нотариустар арасында командалық рух пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1281097?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version