Ағымдағы жылдың 27 тамызында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен жалпы білім беретін мектептердің жаңа 2026-2027 оқу жылына дайындығы жөнінде онлайн кеңес өткізілді.
Кеңеске Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкенов, Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы, Алматы қаласы Білім басқармасының, Алматы қаласы Құрылыс басқармасының өкілдері қатысты.
Қасымхан Алпысбайұлы «Ерекше бақылау және қадағалау нысандарына бару арқылы мониторинг жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №2 қаулысына сәйкес, білім беру ұйымдарының жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы баяндады.
Сондай-ақ, кеңесте аудандық санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармаларымен берілген бұзушылықтардың жою жөніндегі нұсқамалардың орындалуы, күрделі жөндеу жүргізу және құрылыс жұмыстарын аяқтау мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты жауапты орындаушыларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1281325?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау