Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті XLIV сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 27 тамызда Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т. Мусаевтың төрағалығымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен елу бірінші отырысы өтті.
 
Одан кейін Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезекті XLIV сессиясы өткізілді.
 
Сессия отырысына қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары және мәслихат депутаттары қатысты.
 
Күн тәртібінде:
 
Жаңаөзен қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі мәслихат депутаттары алдындағы есебі; қала және оған қарасты елді мекендердің күзгі-қысқы маусымға дайындығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар; «2026–2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №35/310 шешіміне өзгерістер енгізу; Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №12/103 «Жаңаөзен қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.
 
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, мәслихат депутаттары тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
 
Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті XLIV сессиясының отырысы мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-zhanaozen/press/news/details/1281177?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version