2026 жылғы 26 тамызда Жарқайың ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік» күні өтті.
Іс-шара аясында салық төлеушілерге жеке кеңестер беріліп, оларға салық салудың өзекті мәселелері мен салық заңнамасын қолдану жөнінде түсініктемелер ұсынылды.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерге, сондай-ақ 270.00-нысанды (Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларды тіркеу мен салық салу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, салық төлеушілерге мемлекеттік қызметтерді алу және мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын электрондық құралдарды пайдалану тәртібі туралы ақпарат беріліп, нақты сұраулар бойынша практикалық көмек көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1281010?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау