Жедел медициналық жәрдем станциясының медицина қызметкерлеріне арналған кезекті семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу бойынша іс-шараларды күшейту мақсатында Департамент мамандары Павлодар облысының жедел медициналық жәрдем станциясының медицина қызметкерлеріне кезекті семинар өткізді.

Семинар барысында туберкулез және аса қауіпті инфекциялардың алдын алудың негізгі шаралары, республика және облыс аумағындағы эпидемиологиялық және эпизоотиялық ахуал мәселелері талқыланды. Сондай-ақ аса қауіпті инфекциялар ошақтарында медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде бастапқы эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, ауруларды дер кезінде диагностикалау және ауруханаға жатқызу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және даярлауға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1281237?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version