“ЖЕКЕ МҮЛІКТІ ҚОРҒАУ – ӨЗ ҚАУІПСІЗДІГІҢНІҢ НЕГІЗІ”
Жеке мүліктің қауіпсіздігі – әр азаматтың күнделікті өміріндегі маңызды мәселелердің бірі. Үй, пәтер, көлік, бағалы заттар мен жеке құжаттарды қараусыз қалдыру ұрлық және өзге де құқық бұзушылықтардың орын алуына себеп болуы мүмкін.
Мүлікті қорғау үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Үйден шығарда есік-терезенің толық жабылғанына көз жеткізу, бағалы заттарды көзге түсетін жерде қалдырмау, көлік ішінде құнды заттарды сақтамау және бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді бермеу маңызды.
Сондай-ақ тұрғын үйлердің кіреберістеріне, аулаларға және автотұрақтарға бейнебақылау камераларын орнату, сапалы құлыптар мен дабыл жүйелерін пайдалану мүліктің қауіпсіздігін арттырады.
«Заң мен тәртіп» қағидаты – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды негізі. Өз мүлкіңе жауапкершілікпен қарау, сақтық шараларын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-bekbauyl/press/news/details/1280934?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау