Шарын ауылдық округінің орталық көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Шарын ауылдық округінің орталық көшесі — елді мекен тұрғындары үшін маңызды көлік қатынасы жолдарының бірі. Аталған көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды.
Алматы облысына қарасты облыстық маңызы бар Рашит Манапов көшесінің жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстары барысында жолдың тозған бөліктерін қалпына келтіру, жол жамылғысын жаңарту және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр.
Жолдың сапасын жақсарту ауыл тұрғындарының күнделікті қатынауын жеңілдетіп қана қоймай, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған көшенің жаңаруы ауылдың инфрақұрылымын дамытуға және елді мекеннің көркейіп, абаттандырылуына оң әсерін тигізеді.
Қазіргі таңда тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес орындалуы бақылауда болады.
Ауыл тұрғындары үшін маңызы зор бұл жоба Шарын ауылдық округіндегі жол инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-sharyn/press/news/details/1281337?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау