Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкердің ант қабылдау рәсімі өтті.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Мақсотова Гүлфара Хамзақызы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі ретінде ант қабылдады.
Ант қабылдау – мемлекеттік қызметшінің халыққа адал әрі сапалы қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға деген жауапкершілігін білдіретін маңызды рәсім.
Гүлфара Хамзақызына мемлекеттік қызмет жолында абыройлы еңбек, кәсіби жетістіктер және халық игілігі жолындағы қызметіне табыс тілейміз!
🇰🇿 Мемлекетке қызмет ету – үлкен жауапкершілік әрі мәртебелі міндет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1282115?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау