«200 қатысушы – бір таңдау: есірткісіз болашақ»
Байзақ ауданындағы Түймекент орта мектебінде «Есірткісіз болашақ» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті. Іс-шараға 200-ге жуық қатысушы жиналды. Негізгі мақсат – жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Семинар барысында қатысушылар есірткі қылмыстарының алдын алудың өзекті мәселелерін талқылап, өз пікірлері мен ұсыныстарын ашық білдірді. Сондай-ақ қауіпсіз жастар ортасын қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмыстың тиімді жолдары қарастырылды.
Іс-шараны Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Байзақ аудандық полиция бөлімі, ішкі саясат және білім бөлімдері, аудандық емхананың Жастар денсаулығы орталығы және Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі – «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Кездесуде жастардың саналы таңдауына – өз денсаулығын сақтауына, тұлғалық дамуына, пайдалы іспен айналысуына және болашағына жауапкершілікпен қарауына ерекше мән берілді.
Семинарға белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Олардың қатарында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының жастарды адамгершілік құндылықтарға, білімге және өзін-өзі жетілдіруге үндейтін «Қара сөздер» кітабы бар.
Іс-шара ашық пікір алмасу алаңына айналып, жастарды ортақ мақсат – салауатты әрі жасампаз өмір салтын таңдайтын ұрпақ қалыптастыру идеясына біріктірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1281794?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау