26 тамызда Тимирязев мектеп-гимназияда ағылшын тілі мұғалімдерінің аудандық бірлестігінің отырысы өтті. Жиынның басты назары мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға аударылды.
Баяндамашыларымыз құнды тәжірибелерімен және оқытудың тиімді әдістерімен бөлісті:
«Функционалдық оқу сауаттылығын дамыту: кәсіби шеберлікті арттыру курстарынан алынған тәжірибелік тұжырымдар» — Наталья Владимировна Буклешова (TЖББМГ) курстар барысында анықталған өзекті үрдістер мен түйінді ойлармен бөлісті.
«Ағылшын тілі сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру стратегиялары» — Марина Николаевна Ермолич-Земцова (Москворецкий орта мектебі) оқушыларды саналы оқу процесіне тартудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті.
«Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында мәтіндермен жұмыс істелу тәсілдері мен әдістері» — Надежда Валерьевна Кирьянова (Докучаев орта мектебі) өз әдістемелік қоржынымен және сабақта қолдануға дайын жаттығулармен бөлісті.
Кездесу өте нәтижелі өтті. Аудан мұғалімдері алдағы сабақтарда бірден қолдана алатын практикалық құралдарға ие болды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tmr-roo/press/news/details/1281539?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау