2026 жылғы 27 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық Департаментінің Әлеуметтік фронт-офисі базасында Ашық есік күні өтті.
Бұл шара облыс қалалары мен аудандарының тұрғындары үшін Департамент мамандарына жеке жолығып, халықты әлеуметтік қорғауға қатысты сауалдарына жауап алуға мүмкіндік берді.
Күн бойы азаматтар зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақыларды, зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін берілетін арнаулы әлеуметтік төлемдерді, асыраушысынан айырылу бойынша төлемдерді тағайындау мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік заңнамаға қатысты басқа да сұрақтар бойынша консультация алды.
Департамент мамандары қолданыстағы заңнама нормаларын, оларды қолдану тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп, даулы жағдайлар бойынша кеңес берді және ұсынылған құжаттарды реттеуге көмектесті. Болашақта зейнетке шығу және әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу үшін құжаттар жинау сияқты алдын ала дайындықты талап ететін мәселелерге ерекше назар аударылды.
Келушілердің айтуынша, олар Департаментте кеңес алу мүмкіндігі туралы туыстары мен таныстарынан, сондай-ақ қалалық және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан біледі. Азаматтар мамандардың ашықтығын, берілетін ақпараттың толықтығы мен шынайылығын, сондай-ақ қажетті құжаттарды және алдағы әрекеттер тәртібін алдын ала нақтылау мүмкіндігін ерекше атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша Павлодар облысының тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарға тікелей Департамент мамандарынан білікті түсіндірмелер мен жауаптар алды.
Мұндай іс-шараларды өткізу Департамент жұмысының маңызды қағидаттарының бірі — мемлекеттік органның ашықтығы мен аймақтың әрбір тұрғыны үшін қолжетімділігін көрсетеді. Мамандарға тікелей жүгіну және туындаған мәселелер бойынша түсініктеме алу мүмкіндігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы түйткілдерді тиімдірек шешуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1281603?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау