Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бақылау бөлімі 2026 жылғы 17–20 тамыз аралығында 2026 жылдың II жартыжылдығына бекітілген профилактикалық тізімге сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мейірім оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде профилактикалық бақылау (тексеру) жүргізді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау (тексеру) аталған мекеменің Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Грехово тұрғын алабы, Королев көшесі, 46 мекенжайында орналасқан нысанында өткізілді.
Бақылау барысында Әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мейірім оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірлесіп, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсету, белгіленген талаптарды сақтау және қызмет алушылардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1281863?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау