ТЖМ құтқарушылары халыққа қауіпсіздік ережелерін түсіндірудің жаңа әрі қолжетімді форматтарын енгізуде.
Шымкент қаласы ТЖД жергілікті кәсіпорынмен бірлескен жоба аясында газдалған және газдалмаған ауыз су бөтелкелерінің қаптамаларына өрт қауіпсіздігі және балалардың терезеден құлауының алдын алу бойынша профилактикалық ақпарат орналастырды. Бұл ерекше формат тұрғындардың назарын қауіпсіздік мәселелеріне аударып, қарапайым ережелерді еске салуға мүмкіндік береді. Оларды сақтау жазатайым оқиғалардың алдын алып, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі.
Жоба аясында қауіпсіздік туралы ақпарат орналастырылған 100 мыңнан астам ауыз су бөтелкесі өндіріліп, қаладағы сауда орындарына жөнелтілді. Күнделікті тұтынылатын өнімнің қаптамасына профилактикалық ұсынымдарды орналастыру маңызды ақпаратты тұтынушылардың кең ауқымына жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1281766?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау